Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды

2026 жылғы 19 ақпан күні сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясы өтті.

Сессия жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық және аудандық мәслихат төрағалары, Түркістан қаласы мен Мақтаарал ауданының әкімдері, облыстық мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияны облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді. Күн тәртібінде 18 маңызды мәселе қаралды.
Атап айтқанда, Түркістан қаласы мен Мақтаарал ауданы әкімдері республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржының игерілуі жөнінде есеп берді. Сонымен қатар Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Жер қатынастары басқармасы және Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшыларының есептері тыңдалды.
Сессия барысында 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу, өңірді басқару схемасына толықтырулар енгізу мәселелері талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Жиын қорытындысында облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат депутаттарына алдағы қызметтеріне табыс тіледі.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал пайда болды

Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы тұрғын үйдің қасбетіне...

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Түркістан облысында учаскелік референдум комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда...

Партияаралық диалог: Жаңа Конституция тікелей эфирде талқыланды

28 ақпанда Астанада жаңа Конституция жобасына арналған партияаралық диалог...

ҚАЗАҚСТАН – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет....