Партияаралық диалог: Жаңа Конституция тікелей эфирде талқыланды

28 ақпанда Астанада жаңа Конституция жобасына арналған партияаралық диалог өтті. Пікірталас «Qazaqstan» телеарнасының әлеуметтік желідегі платформаларында және «Хабар» телеарнасының YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетілді.
Партияаралық диалог – нақты регламенті мен айқын міндеті бар, 4 раундтан тұратын бірегей пікірталас форматы. Оған Қазақстандағы 7 саяси партия атынан 14 спикер қатысып, модераторлар мен қарапайым қазақстандықтардың сұрақтарына жауап берді.
Талқылау барысында Тәуелсіздік пен ұлттық бірлікті Конституция деңгейінде бекіту, Парламент бақылауын күшейту, білім мен ғылымның басымдығы, әлеуметтік кепілдіктер, меншік құқығын қорғау, экологиялық жауапкершілік, азаматтардың цифрлық құқықтары және жалпыхалықтық референдумның рөлі сынды өзекті мәселелер көтерілді.
«AMANAT» партиясының ұстанымы
AMANAT партиясы атынан сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жаңа Конституция жобасының 3-бабына тоқталып, онда алғаш рет мемлекеттің стратегиялық қызмет қағидаттары – Тәуелсіздікті қорғау, ұлттық бірлікті нығайту, қоғамдық диалогты дамыту, адам құқығы, ғылым мен білім басымдығы конституциялық деңгейде бекітілгенін атап өтті.
«Бұл – жай ғана құндылықтар тізімі емес, құқықтық бағдар. Мемлекеттік саясат пен заңдар осы іргетасқа сүйенуі тиіс», – деді ол.
Ал Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ жаһандық трансформациялар жағдайында Ата Заңды жаңғырту мемлекеттің құқықтық дамуының қисынды кезеңі екенін жеткізді.
«Ауыл» партиясы: Адам капиталы – басты құндылық
Ауыл партиясының төрағасы Серік Егізбаев жаңа Конституция мемлекет дамуының адамға бағдарланған моделін бекітетінін айтты.
«Адам капиталы жер қойнауы мен табиғи ресурстардан маңызды. Бұл – білім мен ғылымды дамыту мемлекеттің тікелей міндетіне айналатынын білдіреді», – деді ол.
Партия өкілі Жигули Дайрабаев Конституцияға өзгерістер енгізу енді тек жалпыхалықтық референдум арқылы жүзеге асатынын атап өтті.
«Respublica» партиясы: Институционалдық негізді нығайту
Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституция ұзақ мерзімді инвестициялар үшін болжамды әрі тұрақты орта қалыптастыратынын айтты.
«Экономикалық өсім институттардың сапасына және меншік құқығының қорғалуына байланысты», – деді ол.
Партия мүшесі Екатерина Смолякова мемлекет пен бизнес әріптестігіне қатысты жаңа қағидаттар қалыптасатынын жеткізді.
Қазақстан Халық партиясы: Әлеуметтік мемлекет қағидаты
Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов жаңа Конституция әлеуметтік мемлекет қағидатын нығайтатынын айтты.
«Бұл – мемлекеттің адамға арналғанын мойындау», – деді ол.
«Байтақ» жасылдар партиясы: Экологиялық жауапкершілік
Байтақ партиясының төрағасы Азамат Әміртаев қоршаған ортаны қорғау әр азаматтың конституциялық міндетіне айналатынын атап өтті.
Партия мүшесі Тәңірберген Бердоңғаров «Миранда ережесінің» Конституция мәтініне енгізілуін оң бағалады.
«Ақ жол» партиясы: Саяси әртараптандыру және меншік құқығы
Ақ жол партиясының төрағасы Азат Перуашев пропорционалды сайлау жүйесіне көшуді қолдап, оның көппартиялықты дамытуға ықпал ететінін айтты.
Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева жеке меншікті қорғау және заңсыз әрекеттер үшін өтемақы төлеу мәселесіне тоқталды.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы: Цифрлық құқықтар мен отбасы институты
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия төрағасы Асхат Рақымжанов жаңа редакцияда цифрлық кеңістіктегі жеке өмірдің қорғалатынын айтты.
Ал партия өкілі Нұрлан Әуесбаев отбасы, ана, әке және баланы қорғау нормаларының күшейтілетінін жеткізді.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал пайда болды

Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы тұрғын үйдің қасбетіне...

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Түркістан облысында учаскелік референдум комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда...

ҚАЗАҚСТАН – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет....

Түркістанда 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Ел жүрегіндегі ерен алғыс» атты мерекелік шара өтті

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Түркістан қаласындағы...