Түркістанда 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Ел жүрегіндегі ерен алғыс» атты мерекелік шара өтті

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында «Ел жүрегіндегі ерен алғыс» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Тағылымды шараға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық құрылымдар, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, журналистер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Мерекелік бағдарлама аясында этномәдени бірлестіктердің көрмесі ұсынылып, қонақтар өңірдегі түрлі этностар мен ұлыстардың мәдениеті, салт-дәстүрі және рухани құндылықтарымен танысты. Экспозициялар достық пен өзара құрметтің, қоғамдық келісім мен бірліктің жарқын көрінісіне айналды.
Салтанатты жиынның ашылуында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, алғыс пен ризашылықтың қоғамдағы маңызына тоқталды. Ол бірлік пен татулықты нығайту жолында еңбек етіп жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.
Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев атынан бірқатар азаматтарға арнайы Алғыс хаттар табысталып, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға қосқан үлестері үшін марапатталды.
Шара концерттік бағдарламамен жалғасып, өнерпаздардың әсем әндері мен ұлттық билері көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік жиын қоғамдағы өзара құрмет пен ынтымақты дәріптеп, ел бірлігін одан әрі бекемдей түсті.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал пайда болды

Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы тұрғын үйдің қасбетіне...

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Түркістан облысында учаскелік референдум комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда...

Партияаралық диалог: Жаңа Конституция тікелей эфирде талқыланды

28 ақпанда Астанада жаңа Конституция жобасына арналған партияаралық диалог...

ҚАЗАҚСТАН – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет....