Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің Экономика және сауда министрлерінің 14-кездесуі Түркістанда өтті

Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің Экономика және сауда министрлерінің 14-кездесуі өтті. Кеңейтілген отырысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің делегациялары, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы мен бірқатар халықаралық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, өзара тауар айналымын ұлғайту, инвестициялық байланыстарды нығайту, көлік-логистика дәліздерін жетілдіру және өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланды. Тараптар өңірлік экономикалық ықпалдастықты тереңдету, саудадағы кедергілерді азайту және қолайлы іскерлік орта қалыптастыру бағытындағы бірлескен шараларды іске асыруға уағдаласты.
Жиында сөз алған облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің инвестициялық, аграрлық, өнеркәсіптік және туристік әлеуетіне тоқталды. Түркістан облысы табиғи ресурстарға бай, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша еліміздегі жетекші өңірлердің бірі. Аймақта тамақ, тоқыма, құрылыс және тау-кен өнеркәсібі қарқынды дамуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс экономикасының өсімі 113,9 пайызды құрады. Мемлекеттік бюджетке түсетін түсім көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеге жетті. Өңір экономикасына 1,7 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 121,6 пайызды құрады. 2025 жылдың ІІІ тоқсанында тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1,4 млрд АҚШ долларына жетіп, жоспар үш есеге артық орындалды.
Экономиканы әртараптандыру мақсатында 340 млрд теңгеге 58 инвестициялық жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. 2026–2029 жылдары жалпы құны 2,8 трлн теңгені құрайтын 111 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
TURAN арнайы экономикалық аймағы ТМҰ елдері бизнесі үшін тиімді алаң ретінде ұсынылды. Аймақта 315 млрд теңгеге 26 ірі жоба жүзеге асырылып, 6,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Жалпы өңірде 21 индустриялық аймақ пен 1 400 гектар аумақты қамтитын экономикалық аймақтар жұмыс істейді. Инвесторларға инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген дайын өндірістік нысандар, салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсынылады.
Іссапар аясында делегация мүшелері Түркістан қаласының тарихи-мәдени орталығындағы бірқатар нысандарды аралады. Қонақтар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, Күлтөбе қалашығы, Visit Centre, Ұлы Дала Елі музейі және Керуен Сарай кешені кешендерінің жұмысымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша ТМҰ-ға мүше мемлекеттер арасында экономика, сауда, инвестиция және қаржы салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі Жол картасы бекітіліп, 14-кездесудің Коммюникесіне және сауда саласындағы әріптестік туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды. Қабылданған шешімдер түркі кеңістігіндегі өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтып, тұрақты экономикалық өсімге жаңа серпін береді деп күтілуде.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал пайда болды

Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы тұрғын үйдің қасбетіне...

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Түркістан облысында учаскелік референдум комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда...

Партияаралық диалог: Жаңа Конституция тікелей эфирде талқыланды

28 ақпанда Астанада жаңа Конституция жобасына арналған партияаралық диалог...

ҚАЗАҚСТАН – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет....