Коалиция мүшелері ардагерлермен және кәсіпорын қызметкерлерімен пікір алмасты

Конституцияның преамбуласы – құжаттың рухани-идеялық өзегі. Онда халықтың бірлігі, ел тәуелсіздігі, тарихи сабақтастық, ұлттық құндылықтар мен ортақ жауапкершілік айқын көрініс тапқан.«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Түркістан облысына жұмыс сапары барысында жаңа Конституцияның негізгі басымдықтарын кеңінен талқылады
Іссапар аясында Парламент Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков, өңірлік өкілдер Жандос Ибраев, Бекжан Айтқұлов, Сапарғали Қайшыбеков, сондай-ақ Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Нұржан Жамалбеков, Сайдирасулхан Ералиев және Динара Егамбердиева Сайрам және Түлкібас аудандарында тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесті.
Олар алдымен Сайрам ауданының орталығы – Ақсукент елді мекеніндегі «Құрмет» ардагерлер үйінде болып, ауданның зиялы қауым өкілдерімен пікір алмасты. Парламент Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков Конституция преамбуласының мазмұнына тоқталды.

«Конституцияның преамбуласы – құжаттың рухани-идеялық өзегі. Онда халықтың бірлігі, ел тәуелсіздігі, тарихи сабақтастық, ұлттық құндылықтар мен ортақ жауапкершілік айқын көрініс тапқан. Бұл құндылықтар қоғамның мәдени, ғылыми және рухани дамуына негіз болады», — деді ол.

Өткен жылы пайдалануға берілген ардагерлер үйінде аға буын өкілдерінің демалуына және ем алуына барлық жағдай жасалған. Мекеме бір мезетте 200 қарияны қабылдай алады.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал пайда болды

Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы тұрғын үйдің қасбетіне...

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Түркістан облысында учаскелік референдум комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда...

Партияаралық диалог: Жаңа Конституция тікелей эфирде талқыланды

28 ақпанда Астанада жаңа Конституция жобасына арналған партияаралық диалог...

ҚАЗАҚСТАН – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет....