Түркістан облысында жаңа Конституция жобасы кеңінен түсіндірілді

Еңбек ұжымдары және тұрғындармен өткен кездесулерде жаңа Конституция жобасының мазмұны түсіндіріліп, оның адам құқықтарын қорғау, билік тармақтарының тепе-теңдігін күшейту, азаматтық қоғамның рөлін арттыру және экономикалық өсімге берік құқықтық негіз қалыптастырудағы маңызына ерекше назар аударылды.Сапар аясында Коалиция мүшелері Парламент Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев, Сәкен Бибосынов, облыстық мәслихат депутаттары Нұржан Аширов, Ханай Әшірбеков, Ғалымжан Елшібай Төлеби және Қазығұрт аудандарын тұрғындарымен, еңбек ұжымдарымен, білім беру және спорт саласының өкілдерімен, кәсіпкерлермен кездесулер өткізіп, жаңа Конституцияның басты құндылықтары туралы сарапшылық ойларымен бөлісті.

Коалиция мүшелері Төлеби ауданы, Леңгір қаласындағы №8 колледжде аудан ұстаздарымен кездесу өткізіп, жаңа Конституция жобасының қоғамға берер артықшылықтары мен жаңашыл бағыттарын талқылады. Жиында Конституцияның еліміздің дамуындағы стратегиялық рөлі, білім беру жүйесіне тигізер ықпалы айтылды. 

Жаңа Конституция елдің құқықтық негізін жаңғыртумен қатар, Қазақстанды білімге, ғылымға және жоғары технологияларға сүйенген заманауи мемлекет ретінде дамытуға бағытталған стратегиялық құжат екенін Парламент Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев айтты.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал пайда болды

Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы тұрғын үйдің қасбетіне...

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Түркістан облысында учаскелік референдум комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда...

Партияаралық диалог: Жаңа Конституция тікелей эфирде талқыланды

28 ақпанда Астанада жаңа Конституция жобасына арналған партияаралық диалог...

ҚАЗАҚСТАН – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет....