Еңбек адамы – өзгерістердің негізі: Коалиция мүшелері Түркістанның теміржолшыларымен кездесті

Түркістан қаласындағы локомотив депосының еңбек ұжымымен өткен кездесуде сенімді болашақ, құқықтардың қорғалуы, мамандықтың сұранысқа ие болуы, еңбек етудің түсінікті әрі әділ шарттары талқыланды.

Кездесуге машинистер, машинистің көмекшілері, слесарьлар, диспетчерлер және көлік жүйесінің мамандары қатысты. Талқылау еңбек адамы және оның құқықтары тақырыбына арналды. Қызметкерлер лайықты еңбек жағдайлары, әділ еңбекақы, демалу құқығы және қауіпсіз өндірістік орта мәселелерін конституциялық деңгейде күшейтетін өзгерістерді зор ықыласпен қабылдады.

Теміржол саласы қызметкерлері үшін бұл нормалар жай ғана декларация емес. Олар жоғары жауапкершілікті, тәртіпті және толық беріле еңбек етуді талап ететін күнделікті жұмысқа тікелей әсер етеді. Мемлекеттің сенімді қорғауы мен мамандыққа деген құрметтің Ата заң деңгейінде бекітілуі — Түркістан теміржолшылары үшін әрбір еңбек адамына көрсетілген нақты әрі шынайы қолдау.

Теміржолшылар Мемлекет басшысының Заң мен Тәртіпті нығайтуға, әділдік пен еңбекке деген құрметті арттыруға бағытталған бағытын толық қолдайтындарын мәлімдеді.

Кездесу қорытындысы бойынша депо ұжымы референдумға қатысып, жаңа Конституцияны қолдауға ниетті екенін атап өтті.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал пайда болды

Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы тұрғын үйдің қасбетіне...

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Түркістан облысында учаскелік референдум комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда...

Партияаралық диалог: Жаңа Конституция тікелей эфирде талқыланды

28 ақпанда Астанада жаңа Конституция жобасына арналған партияаралық диалог...

ҚАЗАҚСТАН – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет....