ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА БІРНЕШЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН БОЙ КӨТЕРУДЕ

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы аумағында бұқаралық спортты дамыту және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл бастамалар – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған стратегиялық басымдықтардың бірі. Биыл аудан бойынша жалпы 34 балалар ойын алаңшасын салу жоспарланған.

Осы жобалардың бірі Тегісшілдік ауылдық округіне қарасты Таскескен елді мекен аумағында орналасқан кіші футбол және балалар ойын алаңшасының құрылысы. Спорт нысанының құрылысы 2025 жылдың желтоқсан айында басталып, 2026 жылдың сәуір айында пайдалануға берілуі жоспарланған. Қазіргі таңда жұмыстардың 30 пайызы орындалды. Жоба «AIN Development» ЖШС арқылы жүзеге асырылуда, ал қаражат аудандық бюджет есебінен бөлінген.

Қазіргі уақытта воркаут алаңшасының құрал-жабдықтары толық орнатылған, кіші футбол алаңшасының қоршаулары қойылған, алаңды тегістеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Мәдени объектілерді дамыту» бағдарламасы аясында Мәдениет елді мекенінде 75 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратының құрылысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта ғимараттың ішкі едендеріне бетон құю жұмыстары жүргізілуде, ішкі қабырғаларды әрлеу жұмыстары басталған. Нысанның құрылысын «Строительная компания «Люкс сервис» ЖШС қолға алған.

Әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы Арман Абдуллаев қатаң бақылауында болып, жұмыстар сапалы әрі уақытылы орындалуына ерекше мән берілуде.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал пайда болды

Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы тұрғын үйдің қасбетіне...

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Түркістан облысында учаскелік референдум комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда...

Партияаралық диалог: Жаңа Конституция тікелей эфирде талқыланды

28 ақпанда Астанада жаңа Конституция жобасына арналған партияаралық диалог...

ҚАЗАҚСТАН – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет....