ТҮРКІСТАН: ИНВЕСТОРЛАР ЖҰМЫСЫ ТОҚТАҒАН ӨНДІРІСТІ ЖАНДАНДЫРАДЫ

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес шетелдік инвестиция тарту және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта Төлеби ауданы аумағында қытайлық инвесторлармен кездесу өтті.

Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов Бейжің қаласында орналасқан Ca Long компаниясының делегациясын қабылдады. Кездесу барысында ауданның инвестициялық әлеуеті, экономикалық мүмкіндіктері және басым бағыттары жан-жақты таныстырылды.

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, туризм, өндіріс және қайта өңдеу салаларындағы жобалар жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Өңірдің табиғи-климаттық ерекшеліктері, логистикалық мүмкіндіктері мен еңбек ресурстары инвесторлар назарына ұсынылды.

Сонымен қатар қытайлық инвесторлар Кеңес өкіметі кезеңінде жұмыс істеп, қазіргі таңда қызметін тоқтатқан бірқатар өндірістік нысандарға қызығушылық танытты. Аталған кәсіпорындарды қайта жаңғырту, заманауи технологиялар енгізу және жаңа өндіріс орындарын ашу мүмкіндіктері талқыланды.

Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен жобаларды іске асыру және өзара тиімді әріптестік орнату мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысында ұсынылған жобаларды жан-жақты зерделеп, нақты бағыттар бойынша бірлескен жұмыстар жүргізу жөнінде келісімге қол жеткізілді. Алдағы уақытта инвестициялық бастамаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал пайда болды

Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы тұрғын үйдің қасбетіне...

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Түркістан облысында учаскелік референдум комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда...

Партияаралық диалог: Жаңа Конституция тікелей эфирде талқыланды

28 ақпанда Астанада жаңа Конституция жобасына арналған партияаралық диалог...

ҚАЗАҚСТАН – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет....