ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІРНЕШЕ АУДАН МЕН ҚАЛАНЫҢ КӨШЕЛЕРІ РЕТТЕЛІП, НЫСАНДАРДЫҢ СӘУЛЕТІ ЖАҚСАРАДЫ

Түркістан облысы әкімінің төрағалығымен өңірдегі сәулеттік жобаларды талқылауға арналған мәжіліс өтті. Жиында инфрақұрылымды дамытуға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға және қалалық ортаның сапасын жақсартуға бағытталған 9 жоба қаралды.

Кеңесті облыс әкімі Нұралхан Көшеров жүргізіп отырды. Күн тәртібінде Төлеби ауданы құрамындағы Ленгір қаласының сәулеттік келбетін жақсарту, Біркөлік шатқалын реттеу арқылы туристік әлеуетін арттыру, сондай-ақ Келес ауданы аумағындағы көшелер мен ғимараттардың сәулеттік үйлесімін қалыптастыру мәселелері қаралды.

Сонымен қатар Түркістан қаласындағы бірқатар инвестициялық жобалар талқыланды. Атап айтқанда, Есімхан даңғылы бойында салынатын жанармай құю бекеті, Әкімшілік-іскерлік орталық (ӘІО) аумағында орналасатын қонақ үй, бизнес-орталық және сауда орталығы кешені, коммерциялық нысан мен медициналық орталық жобалары, Мәдени-рухани орталық аумағындағы коммерциялық нысан, сондай-ақ Б.Саттарханов және Есімхан даңғылдарының қиылысында салынатын айналма жол жобасы ұсынылды.

Алғашқы үш мәселе бойынша облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Қуаныш Асанов баяндама жасап, аудандардағы жобалардың сәулеттік шешімдері мен инфрақұрылымдық мүмкіндіктеріне тоқталды. Облыс әкімі мен сәулеттік кеңес мүшелері бюджетке салмақ салмайтын, аз қаржыны талап ететін әрі тиімділігі жоғары жобаларға басымдық беру қажеттігін атап өтті.

Түркістан қаласында жүзеге асырылатын жобалар бойынша Turan арнайы экономикалық аймағы» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жасұлан Төлебеков инвестициялық бастамалардың экономикалық тиімділігі мен жаңа жұмыс орындарын құру әлеуетін таныстырды. Ал қала әкімінің орынбасары Әбілсейіт Рабаев жол-көлік инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған айналма жол жобасы жөнінде баяндады.

Мәжіліс қорытындысында өңір басшысы жауапты тұлғаларға жобалардың сапалы әрі уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету, сәулеттік талаптардың қатаң сақталуын бақылау және облыстың бірегей келбетін қалыптастыру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар кейбір жобаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар беріліп, олар алдағы уақытта қайта қаралатын болды.

Жоспарланған жобалар жүзеге асқан жағдайда өңірдің сәулеттік келбеті жаңарып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптасып, инвестициялық мүмкіндіктер арта түспек.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал пайда болды

Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы тұрғын үйдің қасбетіне...

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Түркістан облысында учаскелік референдум комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда...

Партияаралық диалог: Жаңа Конституция тікелей эфирде талқыланды

28 ақпанда Астанада жаңа Конституция жобасына арналған партияаралық диалог...

ҚАЗАҚСТАН – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет....