ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА «ПЕЙІШ» СПЕКТАКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

📍Түркістан музыкалық драма театры сахнасында «Пейіш» атты жаңа спектакльдің премьерасы жоғары деңгейде өтті. Руханият пен өнер тоғысқан кеште көрермен қауым терең мазмұнды, тағылымы мол қойылымның куәсі болды.
▪️Қойылым қырғыз режиссері Руслан Акуннің «Пейіш» фильмі негізінде сахналанып, адам жанының нәзік иірімдерін, мейірім мен сенімнің шынайы болмысын көркем тілмен өрнектеді. Спектакльдің өзегіне айналған аналық алақанның жылуы, балалық сенімнің мөлдірлігі мен үнсіз құрбандықтың биік парасаты сахналық шешім арқылы әсерлі жеткізілді.
Қойылымның режиссері – Әли Бидахмет, инсценировка авторы – Қазыбек Аманжол.
▪️Сахна төрінде Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Нөгербек пен Гүлмира Жакилина, сондай-ақ театр артистері кәсіби шеберліктерін танытып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Премьера кеші рухани тереңдігімен, сахналық көркемдігімен және актерлік шынайылығымен ерекшеленіп, театр репертуарын мазмұндық әрі идеялық тұрғыдан байытқан жаңа туынды ретінде бағаланды.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал пайда болды

Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы тұрғын үйдің қасбетіне...

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Түркістан облысында учаскелік референдум комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда...

Партияаралық диалог: Жаңа Конституция тікелей эфирде талқыланды

28 ақпанда Астанада жаңа Конституция жобасына арналған партияаралық диалог...

ҚАЗАҚСТАН – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет....