Өзге ұлт өкілдері қазақ тілін үйренуде: тіл бірлігі – ел бірлігі

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Елімізде жүзден астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – еліміздің басты құндылықтарының бірі. Тәуелсіздік алған жылдан бері қазақ тілі – мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында қолданыс аясын кеңейтіп келеді. Осы бағытта өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеруі ерекше маңызға ие.
Бүгінде көптеген өзге ұлт өкілдері қазақ тілін еркін меңгеріп, мемлекеттік қызметте, білім беру, медицина, бұқаралық ақпарат құралдары салаларында жемісті еңбек етіп жүр. Олардың ішінде қазақ тілінде еркін сөйлейтін дәрігерлер, мұғалімдер, журналистер, тіпті мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін мамандар да аз емес.
«Тіл – татулық тірегі» қағидатын ұстанған қоғамдық ұйымдар, этномәдени орталықтар мен жастар ұйымдары өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін насихаттап, түрлі деңгейдегі шаралар ұйымдастыруда. Соның ішінде тілдік клубтар, онлайн курстар, «Қазақша сөйлесейік!» челлендждері, әдеби кештер мен байқаулар халықтың қызығушылығын арттыра түсуде.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал пайда болды

Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы тұрғын үйдің қасбетіне...

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Түркістан облысында учаскелік референдум комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда...

Партияаралық диалог: Жаңа Конституция тікелей эфирде талқыланды

28 ақпанда Астанада жаңа Конституция жобасына арналған партияаралық диалог...

ҚАЗАҚСТАН – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет....