Бірлігі ажырамаған Қазақстан – Бүкіл ұлт өкілдері бақытты күн кешетін Қазақстан

Қазақ елі – бір шаңырақ астында көптеген ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған ынтымақ пен бірліктің, бейбітшілік пен достықтың мекені. Бұл – жай ғана сөз емес, уақыт пен тарих дәлелдеген ақиқат. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан өзінің басты байлығы – халқының бірлігін сақтап қалу жолында сан түрлі бастамалар көтеріп, бейбіт өмірдің негізін қалады.

Бүгінгі Қазақстан – қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, татар, неміс, кәріс, дұнған, украин, шешен, ингуш, башқұрт және басқа да көптеген этнос өкілдері бір дастархан басында бас қосып, бір мақсат жолында еңбек етіп жатқан ел. Бұл – Елбасының және қазіргі Мемлекет басшысының дана саясатының, халқымыздың кең пейілі мен сабырлылығының жемісі.

Бүгінгі таңда елімізде 100-ден астам этнос өкілдері өмір сүруде. Әрқайсысы өз ана тілін, дәстүрін, дінін сақтап, сонымен қатар өзін осы елдің бір бөлшегі ретінде сезінеді. Бұл – нағыз патриотизмнің көрінісі. Қазақстан азаматы болу – бұл ұлтқа емес, елге адал болу деген сөз.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал пайда болды

Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы тұрғын үйдің қасбетіне...

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Түркістан облысында учаскелік референдум комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда...

Партияаралық диалог: Жаңа Конституция тікелей эфирде талқыланды

28 ақпанда Астанада жаңа Конституция жобасына арналған партияаралық диалог...

ҚАЗАҚСТАН – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет....