ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ БАРЛЫҚ ШАҒЫН АУДАНДАРЫНА СУ БЕРІЛДІ

Шардара, 2025 жылғы 7 тамыз – Шардара су қоймасындағы су деңгейінің уақытша төмендеуіне байланысты, 6 тамыз күні Шардара қаласында су беру бойынша қысқа мерзімді мәселе туындады. Осыған орай Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, нақты іс-қимыл алгоритмі бекітілді, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, тұрғындар үшін жедел желі іске қосылды.
Штабтың үйлесімді әрі жедел жұмысының нәтижесінде су беру қысқа уақыт ішінде қалпына келтірілді. Әлеуметтік маңызы бар нысандарға, соның ішінде ауруханалар мен көпқабатты тұрғын үйлерге су алдымен жеткізілді.
Су қысымының төмендігі мен жеткізу көлемінің жеткіліксіздігін жою мақсатында бірінші негізгі су торабына қосымша сорғы орнатылып, диаметрі 200 мм болатын полиэтилен құбыры іске қосылды. 6 тамыз күні сағат 20:50-де екінші сорғы сәтті қосылып, ол арқылы Шардара су қоймасынан қаланың негізгі су торабына су жеткізу жүзеге асырылуда.
Бүгінгі күні Шардара қаласының барлық шағынаудандарында су беру толық қалпына келтірілді. Алдын алу және тұрғын үйлерге судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету мақсатында қосымша 28 су жинау резервуары орнатылды. Сонымен қатар тәулік бойы 10 арнайы су тасымалдайтын көлік жұмыс істеуде.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал пайда болды

Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы тұрғын үйдің қасбетіне...

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Түркістан облысында учаскелік референдум комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда...

Партияаралық диалог: Жаңа Конституция тікелей эфирде талқыланды

28 ақпанда Астанада жаңа Конституция жобасына арналған партияаралық диалог...

ҚАЗАҚСТАН – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет....