«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ» КҮНІНЕ ОРАЙ ТУ ТАРАТУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 4 маусым – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай қала тұрғындарына құттықтап, ту таратылды.
Қала тұрғындарына Мемлекеттік рәміздеріміздің маңыздылығын, Отанға деген сүйіспеншілікті насихаттау мақсатында мерекелік ту шеруі өтті. Қоғамдық көліктерде, саябақтарда, гүлзарларда ту таратылып, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік шараға Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен белсенді студенттері, қаланың ерікті жастары қатысты.
Айта кетейік, ту тарату іс-шарасы «Спутник» гүлзарында, А.Асқаров атындағы «Дендросаябағы», «Гүлжан» аялдамасы, А.Байтұрсынов көшесіне дейін жалғасты.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал пайда болды

Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы тұрғын үйдің қасбетіне...

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Түркістан облысында учаскелік референдум комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда...

Партияаралық диалог: Жаңа Конституция тікелей эфирде талқыланды

28 ақпанда Астанада жаңа Конституция жобасына арналған партияаралық диалог...

ҚАЗАҚСТАН – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет....