Шымкент: Д.Қонаевтың туғанына — 112 жыл!

Бүгін қазақтың біртуар тұлғасы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 112 жыл толып отыр. Қаламызда жылдағы дәстүр бойынша тау тұлғаны туған күнінде еске алып, ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, бірқатар сала басшылары және қала тұрғындары жиналды.
Іс-шараға жиналған қауым ұлы тұлғаның өмірлік жолы, Қазақстанның дамуына қосқан үлесі жайлы естеліктер айтып, рухына тағзым етті.
– Дінмұхамед Қонаев – қазақ еліне еңбегі сіңген ұлы тұлға. Шымкенттіктер жыл сайын Д.Қонаевтың туған және қайтыс болған күнінде қаланың орталығы, Тәуке хан даңғылы мен Қонаев гүлзарының қиылысындағы бюст алдына жиналады. Дей тұрғанмен, қазақ халқының тарихында айтулы орны бар тұлғағаның құрметіне мегаполистен ескерткіш тұрғызуға сұранып-ақ тұр. Келер ұрпақ үшін мұның идеологиялық мәні зор, – деді Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов.
Д. Қонаев – өз заманының ұлы саясаткері. Ол билік басында болған уақытта елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Аптал азамат ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болған.
–«Қазақта өлі разы болмай, тірі байымайды» деген сөз бар. Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында атаулы даталар мен ұлы тұлғаларды еске алу керектігін айтып өткен болатын. Осыған сәйкес, халқымыздың ұлы тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлын жыл сайын еске алып, түрлі ғылыми-танымдық конференциялар ұйымдастыру арқылы жас ұрпаққа үлгі-өнеге бере аламыз, – деді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев.
Мектеп оқушылары жиын барысында Д.Қонаевқа арналған арнауларын оқыды.

Танымал жаңалықтар

Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған заманауи мурал пайда болды

Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі бойындағы тұрғын үйдің қасбетіне...

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

Түркістан облысында учаскелік референдум комиссиялары 2026 жылғы 15 наурызда...

Партияаралық диалог: Жаңа Конституция тікелей эфирде талқыланды

28 ақпанда Астанада жаңа Конституция жобасына арналған партияаралық диалог...

ҚАЗАҚСТАН – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет....