Ұлттық спорт түрлерінен чемпионат өтті

238

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Ұлттық спорт түрлерінен жастар мен жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты аяқталды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бұл жарысқа өңіріміздің талантты жастары қатысты. Өңірде ұлттық спорт түрлері кеңінен дамып келеді. Жастар мен жасөспірімдер арасында жекелей өткен сайыста садақ атудан жасөспірімдер арасында бас жүлдені төлебилік Иманбек Асылбек иеленді. Сарыағаш ауданының намысын қорғаған Әділ Бейтенов күміс жүлдегер, ал, Жасұлан Жұмабек қола жүлдегер атанды. Жастар арасында Шұғыла Мәшіріп облыс чемпионы атанса, Иманғали Аубек күміс, Төлеби ауданының өкілі Жанарыс Исақ қола жүлдені қанағат етті.
Теңге ілуден Сарыағаш ауданынан келген Мейрамбек Керімжан мықтылығын танытып, облыс чемпионы атанды. Ал, жастар арасында Ордабасы ауданынан Рахат Қамбаров жеңімпаз атанды. Жасөспірімдер мен жастар арасында аяқталған бұл сайыста аударыспақтан 5 салмақ бойынша бақ сынасты. Жамбы атудан өзінің мықтылығын көрсетіп, алтын медаль иеленген Нысанбай Медет бұл сайысқа жоғары дайындық жасаған. Жамбы атудан жасөспірімдер арасында Мырзахан Тұрдыбай топ жарды. Ордабасылық Қанат Бақтыбай күміс жүлдені, Сарыағаш ауданының дарынды жас спортшысы Абай Қуанышов қола жүлдені иеленді.
Теңге ілуден Ордабасы ауданының спортшысы Рахат Қамбаров бас жүлдені жеңіп алды. Ал, Нұрбағлан Садуақас облыс чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Ордабасылық Досжан Тастеміров қола жүлдені місе тұтты. Жарысты ұйымдастырушылар үздік ойын көрсеткен жастар арасында бірқатар үздік номинацияларды тағайындалады. Құсбегілік өнер жарысында ителгі, бүркіт, қаршыға және «Ең жас құсбелгі» номинациясы бойынша жас спортшылар марапатталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Advertisements