Қала тазалығы – басты назарда
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тапсырмасына сәйкес, әкімшілік инспекторлары мен мамандары тарапынан қала аумағына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп келеді. Алғашқы аралау нәтижесінде анықталған кемшіліктер бойынша тиісті тапсырмалар беріліп, орындалуына мерзім белгіленген болатын. Осы бойынша қала әкімінің орынбасарлары жетекшілік ететін салаларында атқарылған жұмыстарға тоқталып, тапсырмалардың орындалуы жөнінде есебін берді.
Нақты:
– қала төңірегінде анықталған бейберекет қоқыстарды тазалау;
– бүлінген аяқжолдарды қалпына келтіру;
– жаяу жүргіншілерге арналған өткел белгілерін жаңарту;
– саябақтар мен гүлбақтарды реттеу;
– көгалдандыру, абаттандыру,
– тазалық мәселелері баяндалды.
Нұрбол Әбдісаттарұлы бұл мәселелердің бақылаудан түспейтінін ескертіп, күнделікті мәлімет ұсынуды ұйымдастыру-инспекторлық бөлімге жүктеді.