Жолаушылар ұшағында стюардесса жұмыс уақытында қайтыс болды

132

Бахрейннен Францияға ұшқан Gulf Air әуекомпаниясының жолаушылар ұшағында стюардесса қайтыс болды, – деп хабарлайды The Daily Mail.

Басылым мәліметінше, ұшақ әуеге көтеріліп, бір жарым сағат ұшу кезінде (Ирак әуе кеңістігінде ұшып бара жатқан) Ясир Салех есімді бортсеріктің денсаулығы нашарлаған. Ұшқыш дереу Ирактың солтүстігіндегі Эрбиль қаласына қонуға шешім қабылдап, қыздың медициналық көмек алуына үлгермек болған.

Әуе лайнері әуежайға қонған бетте дәрігерлер күтіп алып, стюардессаны жақын маңдағы ауруханаға жеткізген. Алайда қыз баланы аман алып қалу мүмкін болмаған. Сөйтіп төрт сағаттан соң ғана жолаушылар Парижге аттанған.

Бортсеріктің қайтыс болуына байланысты әуетасымалдаушы компания өкілдері оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

“Gulf Air компаниясының басты ұстанымдарының бірі – жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі”, – деді олар.

Advertisements