Қазақстанда шетелдіктерге 10 жылдық жеңілдетілген виза енгізілуі мүмкін

158

Қандастар 10 жылға жеңілдетілген виза алып, Қазақстанда өз бизнесін жүргізе алады. Бұл туралы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген және Экономикалық реформалар жөніндегі жоғары кеңесте мақұлданған 2023-2027 жылдарға арналған “Ашық Қазақстан 500+” көші-қон саясатының тұжырымдамасын ұсынды.

 

“Бірінші бағыт – білім беру иммиграциясы, оның мақсаты Қазақстанды өңірлік білім беру хабы ретінде айқындау болып табылады. Профессор-оқытушылар құрамын күшейту және білім беру сапасын арттыру үшін Қазақстанға сұранысқа ие мамандықтар бойынша 100 үздік оқытушы мен сұранысқа ие технологиялар бойынша ғалымдарды тарту ұсынылады.

Тұруға ықтиярхат алу құқығымен он жылдық “Ғылыми-педагогикалық виза” берудің оңайлатылған тәртібін және кейіннен Қазақстан азаматтығын енгізу көзделеді. Осындай мүмкіндіктерді тапшы мамандықтар бойынша оқитын шетелдік студенттер арасынан магистранттар мен бакалаврлар үшін тарату ұсынылады”, – деді министр.

Advertisements