Ақбота Сейітмағамбет неліктен хиджаб киіп қайтадан шешіп тастағанын айтты

250

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ақбота Сейітмағамбет неліктен хиджаб киіп, кейін оны шешіп тастағанын ашып айтты.  Желіде сол үшін ел қаһарына ұшыраған әнші көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет өзінің хиджабты бір киіп, бір шешкенін оған дайын болмағанымен байланыстырады. Алайда, өнер иесі бәрібір де болашақта тағы да орануға ниетті екенін айтты. Әнші бұл шешімін ‘Ревю’ бағарламасында түсіндіріп өтті.

“Сөздің ашығына келетін болсам, мен үшін хиджабта жүріп екі баламды асырау қиын болды. Өнер жолында ұзын киіп, етекті жауып, оранып нан таппайсың. Ал Instagram желісінде көбісі сұрақ қояды. Оның сексен пайызы оранбаған қыз-келіншектер – маған ақыл үйретенідер. Ал оранған әпкелеріміз керісінше мотивация береді. Бұл жағдай менің дайын болмай келгенімнен шығар деп ойлаймын. Егер мен дайын болып келсем, мүмкін хиджабты өмірімнің соңына дейін киер едім. Мен бәрібір де әлі үмітімді үзбеймін. Қанша жасқа дейін өмір сүретінімді бір Алла біледі”, – деді әнші.

 

Сонымен қатар әнші бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұловпен араласып тұратынын мойындады. Дәурен Айдарқұловты балаларының әкесі ретінде сыйлайтынын айтты.

Advertisements